Бәйтерекпен Меморандум (09.08.2024 жыл)

Бәйтерекпен Меморандум (09.08.2024 жыл)

«Бәйтерек» холдингі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы агроиндустриялық аймақтар мен өнеркәсіптік кластерлерге арналған бірлескен жобалық шешімдерді іске қосуда. Талқылау барысында «AGRIQA Азия» ЖШС мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі Түркістан облысында жүзеге асырылатын «Шардара» экспорттық агроөнеркәсіптік кластері жобасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бәйтерек» холдингімен бірлесе отырып, бизнес өкілдерімен жұмыс жүргізіп, 5 стратегиялық жобаны ұсынды.
«Бұл жобалардың негізгі мақсаты – технологиялар трансферті, жеке капитал мен халықаралық компанияларды инженерлік инфрақұрылымды дамытуға тарту. Мұндай тәсіл барлық инвестициялық бастамаларда сұранысқа ие, дегенмен бұл оңай міндет емес
», – деді Баталов.

«Біз экополистерді құруды кооперацияның жаңа форматы ретінде зор әлеуетке ие бағыт деп санаймыз. Бұл тек инновациялық шешім ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы орнықты және бәсекеге қабілетті бизнесті дамытуға жасалған маңызды қадам. Біз осы жобалар еліміздің басқа өңірлеріне үлгі болып, отандық өндірушілердің жаһандық нарықтарға шығуына ықпал етеді деп сенеміз», – деп атап өтті «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Рүстем Қарағайшин.

Мақалаға сілтеме