AGRIQA компаниясы 2025 жылғы 13–17 қазан аралығында өткен Global Food Forum аясында Рим қаласындағы БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) штаб-пәтерінде орналасқан «Қазақ залының» ашылу рәсімінің демеушісі болды.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Италияға жасаған жұмыс сапары барысында БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының Бас директоры Цюй Дунъюймен кездесіп, ФАО штаб-пәтерінде өткен салтанатты рәсімді өткізді. Іс-шараны ФАО-ның Орталық Азиядағы кеңсесі Қазақстанның Италиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат Сембаевтың қолдауымен ұйымдастырды.