14.10.2025 жыл
Италиядағы Қазақстан Елшілігінде Елші Ерболат Сембаевтың қолдауымен Италия–Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Джанантонио Траметтің қызметке кірісу рәсімі және іскерлік кездесу өтті. Бұл тағайындау Италия Үкіметінің Италия мен Орталық Азия өңірі арасындағы дипломатиялық және экономикалық қатынастарды дамыту бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.
— «Бұл мен үшін үлкен құрмет», — деді Трамет мырза. — «Біздің миссиямыз — италиялық компанияларды Қазақстанның мүмкіндіктерімен және іскерлік ортасымен таныстыру. Ең алдымен, Қазақстанда даму әлеуеті бар шағын және орта бизнес өкілдерімен ынтымақтастық орнату», — деп атап өтті.