1Thirty Holding-пен Меморандум (18.09.2025 жыл)

1Thirty Holding-пен Меморандум (18.09.2025 жыл)

TRAMITE Group (Италия), AGRIQA (Қазақстан) және 1Thirty Holding (АҚШ) компаниялары Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында Қазақстанда өндіріс ұйымдастыру және Еуропа мен Таяу Шығыс елдеріне жартылай фабрикаттар мен қапталған бөлшек өнімдерді жаһандық брендтермен жеткізуді көздейтін бірыңғай азық-түлік жеткізу тізбегін құру туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум аясында итальяндық және қазақстандық өнімдер үшін Абу-Даби қаласында логистикалық репэкинг-хаб құру және ол арқылы АҚШ-ты қоса алғанда, басқа елдерге жеткізілім ұйымдастыру көзделген. Тараптар ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнеркәсібі саласында халықаралық венчурлік қор құру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін бірлесе зерделеуді бастаған.

Мақалаға сілтеме

Мақалаға сілтеме