Kazakh Invest-пен кездесу (08 тамыз 2024 жыл)

Kazakh Invest-пен кездесу (08 тамыз 2024 жыл)

Осы жылдың 8 тамызында «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек отандық «AGRIQA» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Түркістан облысындағы «Шардара» агроөнеркәсіптік экспорттық кластері жобасын іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Жоба аясында 8000 гектар аумақта тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелері бар егіс алқаптарын құру, сондай-ақ өнеркәсіптік әйнек жылыжай, жоңышқаны түйіршіктеу зауыты, кептіру және тоңазыту жеміс комбинаты, паста мен жеміс пюресін өндіретін зауыт салу көзделген. AGRIQA компаниясы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеп, жергілікті тұтынушылар мен ірі трансұлттық азық-түлік өнеркәсібі компаниялары үшін кең ауқымды өнім түрлерін шығаруды жоспарлап отыр.

Мақалаға сілтеме