Kazakh Invest-AGRIQA-TRAMITE меморандумына қол қою (30.05.2025 жыл)

Kazakh Invest-AGRIQA-TRAMITE меморандумына қол қою (30.05.2025 жыл)

Италия Республикасының Премьер-Министрі Джорджа Мелонидің Қазақстанға ресми сапары шеңберінде «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы италиялық ұйымдармен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, экспортты ілгерілетуге және екіжақты өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге бағытталған үш маңызды келісімге қол қойды. Негізгі нәтижелердің бірі – италиялық TRAMITE Group компаниясымен келісімге қол қою болды.0 Компания Түркістан облысының Шардара ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеудің толық циклі бойынша жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы инвестиция көлемі шамамен 180 млн АҚШ долларын құрайды.
Жобаны іске асыру нәтижесінде 800-ден астам жұмыс орны құрылып, өңірдің экспорттық әлеуеті артып, өңдеу кәсіпорындарының тұрақты жүктемесі қамтамасыз етіледі.

Мақалаға сілтеме