«Бәйтерек «ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин азық — түлік және азық-түлік емес тауарларды өндіру саласында инновациялық өнімдерді әзірлеуге және енгізуге, сондай-ақ өнімді ірі әлемдік нарықтарға жылжытуға маманданған Tramite Group халықаралық компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Tramite Group компаниясын компанияның негізін қалаушы Джанантонио Трамет таныстырды, делегацияға Халықаралық бизнес жөніндегі директор Алесандро Трамет, сондай-ақ GUSTATO SAS негізін қалаушы Элизабета Густато кірді. Қазақстандық тараптан іс-шараға «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ басқарма төрағаларының орынбасарлары Зауреш Шалабаева мен Еран Оспанов, экспорттық-кредиттік агенттіктің басқарушы директоры Эльдар Қуанбаев, «Agriqa Farms» ЖШС директоры Сержан Стыбаев және компанияның акционері Айман Тұрсынқан қатысты.